02.03.2022, 17:47 16071

ҰЭМ-де кадрлық өзгерістер болды

ҰЭМ-де кадрлық өзгерістер болды
НҰР-СҰЛТАН. 2 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков пен Ілияс Ерікұлы Өсеров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Премьер Минстрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ менеджері қызметінен бастаған. 

2006 жылдан 2015 жыл аралығында банк жүйесі мен коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 

2015 жылы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметтер атқарған. 

2015-2016 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі. 

2016-2018 жж. — ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары. 

2018-2021 жж. — Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі. 

2021 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ілияс Ерікұлы Өсеров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана Университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2007 жылы «Сбербанк» АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастады. 

2009-2010 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2010-2013 жж. – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы. 

2013-2014 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы. 

2014-2015 жж. – Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы. 

2015-2019 жж. – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы. 

2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды. 

2019 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.









 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны