20.03.2023, 08:23 60841

Мәжіліс сайлауы: exit poll нәтижелері жарияланды

Мәжіліс сайлауы: exit poll нәтижелері жарияланды
Exit poll алдын ала нәтижелері бойынша, Мәжіліске бес партия өтеді

Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Exit poll алғашқы қорытындылары жарияланды.

Еуразиялық интеграция институты еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сауалнама жүргізген. Оған 30 мың сайлаушы қатысты. Оның қорытындысы бойынша респондеттердің 53,46%-ы "Amanat" партиясына дауыс берген. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын сайлаушылардың 10,52%-ы таңдаған. Ал "Respublica" болса - 8,90% дауыс жинаған. азаматтардың- 6,25% Қазақстан Халық партиясына , сайлаушылардың 3,22%-ы "Байтақ" жасылдар партиясын таңдаған. "Ақ жол" демократиялық партиясы болса - 7,87% дауыс жинаған. Сондай-ақ, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,31% сайлаушылардың таңдауына іліккен. Ал дауыс беруге қатысқандардың 4,47%-ы бәріне қарсымын деп таңдау жасаған. Айта кету керек, сайлаудың нақты қорытындысын орталық сайлау комиссиясы 7 күн ішінде жариялайтын болады, деп хабарлайды Хабар 24.

EXIT POLL: "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының мәліметі

Ал "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының мәліметі бойынша таңертеңнен бері 300 сайлау учаскесінде сауаланама жүргізілді. Оған барлығы 12 мың сайлаушы қатысты. Exit poll: қорытындысы бойынша респонденттердің 53,33 пайызы "AMANAT" партиясына дауыс берген. 11,26 пайыз "Ауыл" партиясын таңдаған. "Respublica" партиясы - 8,33 пайыз дауыс жинады. Ал Қазақстан халық партиясы - 6,93 пайыз. Сондай-ақ, Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,51 пайыз дауыс. "Ақ жол" партиясы сайлаушылардың 8,87 пайызы дауыс берді. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,12 пайыз дауыс.

EXIT POLL: Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының нәтижесі

Сондай-ақ "СОЦИС-А" Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өздері жүргізген Exit poll нәтижесін жариялады. Мұнда сайлаушыларға "қай партияға дауыс бердіңіз" деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысқандардың 54,42%-ы "Аманат" партиясын таңдағанын айтқан. "Ауыл" партиясын - 10,21%, ал Respublica партиясын - 8,79% сайлаушы таңдады. "Ак жол" партиясы болса - 8,21% Қазақстан халық партиясы - 6,89%, ЖСДП партиясына 4,91%-ға дауыс берді. "Байтаққа" 2,17% дауыс берсе, 4,40% сайлаушы бәріне қарсы деген бағанды таңдаған.

EXIT POLL: Еуразиялық интеграция институты

  • "Amanat" партиясы - 53,46%
  • "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%
  • "Respublica" партиясы - 8,90% Қазақстан Халық партиясы - 6,25%
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 3,22%
  • "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,87%
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31%
  • Бәріне қарсымын - 4,47%

EXIT POLL: "ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫ" ғылыми-зерттеу қауымдастығы

  • "Amanat" партиясы - 53,33%
  • "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 11,26%
  • "Respublica" партиясы - 8,33% Қазақстан Халық партиясы -6,93 %
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,51% "Ақ жол"
  • Қазақстанның демократиялық партиясы -8,87 %
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,12%
  • Бәріне қарсымын - 3,65%

EXIT POLL: "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты

  • Amanat партиясы - 54,42%
  • "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,21%
  • "Respublica" партиясы - 8,79%
  • "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 8,21%
  • Қазақстан Халық партиясы - 6,89%
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4,91%
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,17%
  • Бәріне қарсымын - 4,40%

Бұған дейін хабарланғандай, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың алдын ала қатысуы 54,19% құрады.

Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны