23.08.2022, 16:40 8241

ҚХА-да Украинаның Қазақстандағы елшісінің орыстарды өлтіру туралы мәлімдемесі айыпталды

Кеңес мүшелері "дипломатия – өшпенділік пен араздықты қоздыру үшін емес, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі тиіс" деп атап өтті.
ҚХА-да Украинаның Қазақстандағы елшісінің орыстарды өлтіру туралы мәлімдемесі айыпталды
Сурет: бейнеден кадр
НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Қазақстан халқы Ассамблеясы Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің орыстардың жойылуы туралы сөзін айыптады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Украина елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң айыптаймыз және ондай сарындағы мәлімделерге жол беруге болмайды деп санаймыз. Бейбітшілік пен бірлік біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидалары. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды", - делінген үндеуде.

 
Кеңес мүшелері "дипломатия – өшпенділік пен араздықты қоздыру үшін емес, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі тиіс" деп атап өтті.
 

Қазақстанның біртұтас көпэтносты халқы үшін достық, өзара көмек және бейбітшілік қағидалары мызғымайтын ұстаным. Олар бізге Тәуелсіздігіміздің қалыптасуының ең қиын жылдарында да этносаралық қақтығыстардың алдын алып, еліміз бен халқымыздың тұтастығын сақтауға көмектесті. Өшпенділікті қоздыратын кез-келген пікір, этностық жек көрушілік пен оның қандай болмасын көріністерін насихаттау біз үшін жат ұғым", - деді ҚХА-да.

 
Барлық қазақстандықтарды дұшпандық пен зұлымдықты насихаттайтын арандатуларға ермей, ұрпақтың бүгіні мен болашағы үшін елдегі бейбітшілік пен халық бірлігін сақтауға және нығайтуға шақырады.
 
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам - алдын-ала мәліметтер бойынша, Петр Врублевский, украин режимі мүмкіндігінше көп орыстарды өлтіруге тырысып жатқанын айтқан видео пайда болды, деп хабарлайды РИА Новости.
 
Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин орталық аппараттың тергеушілеріне қозғалған қылмыстық істер аясында Украина елшісінің мәлімдемелеріне заңды баға беруді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны