08.04.2024, 12:59 37216

Өңір әкімдері су тасқыны жағдайы бойынша президентке есеп берді

Өңір әкімдері су тасқыны жағдайы бойынша президентке есеп берді
Сурет: ТЖМ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны