26.11.2021, 18:11 113860

Өңірлік госпитальдар ІІМ ведомствосында қалады

Ведомстволық денсаулық сақтаудың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік госпитальдардың стационарларының ведомстволық тиістілігін сақтау қажет.
Өңірлік госпитальдар ІІМ ведомствосында қалады
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАРАША - Өңірлік госпитальдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосында қалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ведомстволық денсаулық сақтау саласында ІІО өңірлік госпитальдарының емханалары мен стационарларының жұмысында өзара іс-қимылдың жолға қойылған жүйесі бар, ол диагностикалық іс-шаралар жүргізуді және қызметкерлерді қысқа мерзімде "Емдеуге жатқызу бюросы" порталына қоймай емдеуге жатқызуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Тыл департаментінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев.

 
ІІМ ведомстволық денсаулық сақтау жүйесінің госпитальдары ұсынатын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне стационарлық медициналық көмек көрсету жөніндегі функцияларды азаматтық денсаулық сақтау органдарының қарамағына беру мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
 
Ведомстволық денсаулық сақтаудың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік госпитальдардың стационарларының ведомстволық тиістілігін сақтау қажет екендігі атап өтілді. 
 
Бұл шешіммен Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және облыс әкімдіктерінің көпшілігі келіскен. 
 
Іс-шара барысында ІІО қызметкерлерінің отбасы мүшелерін мемлекеттік медициналық сақтандыру мәселесі де талқыланды.
 
Сұлтанбаевтың айтуынша, ІІО қызметкерлерінің барлық отбасы мүшелері "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға сәйкес сақтандырылғанын, олардың МӘМС жүйесіне жалпы негізде қатысуы туралы шешім қабылданған. Республика бойынша жүз мыңнан астам ІІО қызметкерлері (полиция, ҚАЖК, білім беру ұйымдарының курсанттары) және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бар. Олардың отбасы мүшелерінің саны 130 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде 50 мыңнан астамы – балалар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны