11.11.2024, 11:30 76101

Көлік министрлігінде ИКАО-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Көлік министрлігінде ИКАО-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінене. "Қазақстандағы ИКАО апталығы" аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ИКАО(EUR/NAT) Еуропа және Солтүстік Атлантикалық бюросының Аймақтық директоры Николас Ралломен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Авиация саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ИКАО-ның ресми іс-шараларын өткізуіне бағытталған бастамалары қаралды. Николас Ралло 2025 жылы Қазақстан Республикасында ИКАО тарапынан азаматтық авиация саласындағы гендерлік теңдік мәселелері және авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша екі өңірлік семинарды өткізуді ұсынды. Сонымен қатар, Николас Ралло биыл мамыр айында Қазақстан Республикасының ИКАО-да Тұрақты өкілдігін ашқанын ерекше атап өтті. Қазақстанның ИКАО-да Тұрақты өкілдігінің болуы азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту және ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұйыммен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді. ИКАО EUR / Nat бюросының басшысы авиация инфрақұрылымын жақсарту және азаматтық авиация реформаларын енгізуде елдің елеулі жетістіктерін жоғары бағалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны