12.05.2021, 23:27 15478

Конституциялық Кеңес адвокаттық қызмет мәселелері жөніндегі түзетулердің Конституцияға сәйкестігін тексереді

НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша түзетулерді Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан талдау туралы өтініш жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде Парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады", - делінген Конституциялық Кеңестің сайтында.

 
Конституциялық Кеңес Регламентінің 5-2-тармағына сәйкес аталған мәселелерге маманданған құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар мен азаматтар Конституциялық Кеңеске өз қорытындыларын е-mail: [email protected] жолдай алады.
 
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына бірқатар ұсыныстар енгізіп, оны Мәжіліске қайта қарау үшін қайтарды. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті сенаторлар ұсынған заңнамаға адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері жөніндегі толықтырулармен жұмыс істейтін Келісім комиссиясын құруды ұсынды. Заң жобасында Қазақстан адвокаттары келіспейтін бірқатар нормалар бар. Олар тіпті Әділет министрінің отставкаға кетуін талап ететін өтініш жасады. Кейін даулы мәселелер заң жобасынан шығарылды деп хабарланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны