12.11.2024, 13:46 54941

Ұлытау облысында ауа сапасының мониторингі жүргізілуде

Ұлытау облысында ауа сапасының мониторингі жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде атмосфералық ауаның сапасын бақылауды жүзеге асыратын экобекеттердің саны ұлғайды.

Атап айтқанда, "Қазгидромет" РМК-ның тарапынан атмосфералық ауаның ластануын мониторингтеу бойынша қызметтер көрсетудің төмен сапасы негіз болды.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана қолданыстағы 5 экостанциясына қосымша Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдіктерінің 8 экостанциясын (Қазгидромет экобекеттерін) қолдану мәселесі шешілді.

Прокурорлық ден қою нәтижелері бойынша мониторингте басқа облыстарда орнатылған жергілікті атқарушы органдардың 58 экостанциясы пайдаланылатынын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда олардың барлығы мемлекеттік бақылау желісіне, оның ішінде пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін "AirKZ" мобильді қосымшасына біріктірілген (әзірлеуші "Қазгидромет" РМҚ).

Мобильді қосымша 69 облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалардың экостанцияларына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, атмосфералық ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік береді (AppStore және Google Play-де қол жетімді).

Сондай-ақ соңғы 24 сағаттағы зиянды шығарындылар концентрациясының өзгеру динамикасын және әрбір ластаушы заттың сипаттамасын ұсынады.

Нәтижесінде азаматтар әртүрлі кластерлер туралы хабардар бола отырып, ауаның ең қолайлы сапасы бар аудандарды дербес анықтай алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны