20.08.2024, 22:29 50776

Маңғыстау облысында мердігер газ құбырын салу бойынша міндеттемелерді орындамаған

Бейнеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы жүргізілген талдау аясында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен "Арай НС" ЖШС арасында Бейнеу ауылында газ құбырын тарту бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Алайда мердігер өз міндеттемелерін шартта белгіленген мерзімде орындамаған.

Прокурордың талап арызы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Арай-НС" ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны