19.08.2024, 12:05 28651

Маңғыстаудағы экологиялық талаптарды бұзған компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды

Маңғыстаудағы экологиялық талаптарды бұзған компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Табиғат қорғау прокуратурасымен талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны