09.08.2024, 17:04 77391

Мемлекет басшысы құрылыс саласы қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы құрылыс саласы қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Құрылысшы күні қарсаңында отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін саланың бір топ жұмысшысы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 4 азамат "Парасат" орденінің және 36 адам "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 40 жұмысшы ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 72 құрылысшы "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны