23.10.2024, 21:06 130811

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді Вьетнамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің әл-ауқатын еселеуге және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сара саясатыңызға отандастарыңыз көрсеткен қолдаудың айғағы деп білемін. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған жеделхатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Лыонг Кыонгтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Вьетнам халқына ырыс пен құт-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны