24.07.2024, 13:08 53186

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады. Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны