26.08.2024, 19:57 25696

Қостанай облысында ірімшіктің 20 түрін шығаратын зауыт салынады

Жобаның құны 7,2 млрд теңгені құрайды
Қостанай облысында ірімшіктің 20 түрін шығаратын зауыт іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы үш жыл ішінде АӨК-тегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешеннің шикізаттық бағытынан инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қостанай облысында 2024 жылдың қараша айында "Милх" ірімшік өндіру зауыты пайдалануға беріледі.

Жобаның құны 7,2 млрд теңгені құрайды, толық қуаты іске қосылған кезде кәсіпорын тәулігіне 250 тоннаға дейін сүт өңдеп, қатты ірімшіктердің 20-дан астам түрін өндіретін болады. Өндіріс қуаттылығы жылына 2 мың тонна ірімшікті өңдеуге мүмкіндік береді. 35 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі уақытта нысанда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, цехтың металл қаңқасы орнатылды, ғимараттың еденіне стяжка жасалды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Неміс өндірісінің көптеген жабдықтары қазірдің өзінде әкелінген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны