26.07.2024, 14:00 94811

Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарын қайтарды

Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарын қайтарды
Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы тексеру барысында 2011 жылы "Сильвер СК" ЖШС-не Қамысты ауданының аумағында 212 мың гектар алқапты аңшылық шаруашылығын жүргізуге құқық бергені анықталды, деп хабарлайды Қостанай облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен. Бұдан әрі Жоғарғы Соттың 2022 жылғы 22 қарашадағы шешімімен "Сильвер СК" ЖШС банкрот деп танылған және толыққанды қорықшылық қызметті ұйымдастыру үшін ресурстары болмаған. Алайда, уәкілетті орган тарапынан жерді мемлекет қарамағына қайтару жөнінде шаралар қабылдамаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бұзылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны