04.01.2023, 10:16 18906

Қойшыбаев ҚР Үкіметі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Қойшыбаев ҚР Үкіметі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Сурет: ?алымжан ?ойшыбаев / ortcom.kz
Астана. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы - Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2012-2016 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2016 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны