23.01.2025, 19:50 3896

Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда

Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда
Мемлекеттік қор жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (әрі қарай - СЕСН) жою және ретсіз саудамен күресу мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2025 жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында СЕСН жаппай бұзу жұмыстарын жоспарлап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері кірді. Сонымен қатар қала прокуратурасы көше саудасының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.

Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде 500 жуық заңсыз орнатылған СЕСН бар. Олар бойынша ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулерді беру жұмыстары басталды. СЕСН-ның алғашқы 200-ден астам иесі жазбаша ескерту алды.

Мемлекеттік қор жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (әрі қарай - СЕСН) жою және ретсіз саудамен күресу мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2025 жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында СЕСН жаппай бұзу жұмыстарын жоспарлап отыр.

Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері кірді. Сонымен қатар қала прокуратурасы көше саудасының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.

Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде 500 жуық заңсыз орнатылған СЕСН бар. Олар бойынша ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулерді беру жұмыстары басталды. СЕСН-ның алғашқы 200-ден астам иесі жазбаша ескерту алды.

Еске сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 "Алматы қаласы аумағында стационарлық емес сауда нысандарын орналасу орнын анықтау және бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалада 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда нысандарында заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы хабарласа алады.

Сонымен қатар, қалада ретсіз сауда деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мониторинг нәтижесінде қаланың 49 жерінде ретсіз сауданың жаппай шоғырланған орындары анықталды (ірі базарлар, саябақтар мен алаңдардың маңында), бұл жерлерде 1,2 мыңнан астам саудагер заңсыз орналасқан. Ретсіз саудаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы ("Белгіленбеген орындарда сауда жасау") және 505-бабы ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу") бойынша әкімшілік шаралар қолданылады. 2024 жылы полициямен бірлескен рейдтер барысында 1,9 мыңнан астам ретсіз сауда субъектісіне әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны