03.04.2024, 17:06 50286

Премьер-министр Саран тәжірибесі бойынша индустриялық аймақтар құруды ұсынды

Премьер-министр Саран тәжірибесі бойынша индустриялық аймақтар құруды ұсынды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов моноқалалар әкімдіктеріне кәсіпкерліктің өсуі үшін жағдай жасауды тапсырды. Бұл тәсілдің тиімді екенін Саран қаласы үлгі ретінде көрсетті.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, өңірде 2021 жылы Индустриалдық аймақ құрылғаннан кейін оң динамика байқалды: қала бюджетіне түскен салықтық аударымдар 4,5 есеге артты, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды және көлік құралдарын, автомобиль дөңгелектерін, полиэтилен құбырларын, тұрмыстық техника шығаратын бірқатар өндіріс орындары ашылды.

Саран қаласы айтарлықтай түрленді. Даму көрсеткіштері жоғарылады", - деді Олжас Бектенов.


Ұлттық экономика министрлігінің жоспарына сәйкес, осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін еліміздің бірнеше моноқаласында өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру көзделген. Сондай-ақ бүгінде Ақтөбе, Қарағанды және Атырау облыстарының әкімдіктері тиісті жобаларды жүзеге асырып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны