23.02.2024, 20:59 61716
Президентке жоғары конституциялық бақылау органының қызметі туралы мәлімет берілді
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Президентке жоғары конституциялық бақылау органының қызметі туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш, оның 99 пайызы азаматтардан келіп түскені жөнінде баяндалды. Эльвира Азимованың айтуынша, азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген.
Конституциялық соттары бар мемлекеттердің бәріне тән негізгі ұстаным - азаматтардың конституциялық сот төрелігіне жүгінуін шектемеу және қаржылық кедергілерді алып тастау. Осыған орай Мемлекет басшысы былтыр желтоқсан айында Конституциялық Сотқа жүгінген кезде төлейтін мемлекеттік баж салығын нөлдік мөлшерлемеге дейін төмендетуді қарастыратын заңға қол қойды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатқаны баяндалды.
Мемлекет басшысына берілген мәліметке сәйкес былтыр 558 құқық нормасы тексеріліп, нәтижесінде 29 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу жөнінде кеңес берілді. Конституциялық Сот Қылмыстық-процессуалдық, Салық кодекстерінің және бірқатар заңның жекелеген нормаларын қайта қарау жөнінде ұсыныстарын берді. Бүгінде Үкімет пен уәкілетті органдар аталған ұсынымдардың 16 пайыздан астамын орындады.
Президент Конституциялық Соттың 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын бағалай отырып, аталған органның құрылуы және оның қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандығын қорғауға қатысты қоғам мен мемлекеттің сұранысына сай келетінін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.10.2024, 20:16 16276
ҚР Әділет министрлігі цифрлық жобаларды таныстырды
Достарға айту
ҚР Әділет министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Demo Day шеңберінде цифрлық жобаларды таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Әділет министрі Азамат Есқараев министрлік тарапынан әзірленген цифрлық жобалар азаматтардың қаржысын үнемдеуге, уақыт шығынын қысқартуға және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға бағытталғанын атап өтті.
ҚР Әділет министрлігі Digital Justice - цифрлық Әділет жобаларының портфелін сәтті іске асыруда. Қазіргі таңда атқарушылық іс жүргізу процестерін автоматтандыру бойынша, яғни атқарушылық құжатты алған сәттен бастап оның аяқталуына дейін үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Оның ішінде Е-заң көмегі жобасы, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АІЖО ААЖ) мобильді қосымшасы "МИБ-ті цифрландыру" жобасы, Цифрлық нотариат, ЦДИАӨМ-мен бірлесіп "EGOV Mobile business" мобильді қосымшасында "Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты" сервисін іске қосты. Аталған қызмет түрлері азаматтардың уақытын үнемдеп жүктемелерін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.
Азамат Есқараев ҚР Әділет министрлігі цифрландыру бағытында жүзеге асырып жатқан жобалары арқылы азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға назар аударып отырғанын айтты. Бұл бағытта Министрлік ЦДИАӨМ-мен бірлесе отырып, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде және азаматтардың мемлекеттік қызметтерді жедел әрі тиімді алуы үшін жаңа технологиялар мен платформалар қолданылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.10.2024, 20:08 16556
Мемлекет басшысы № 23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді. Бөлімнің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағына "Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабы, сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті және "Нұрлы жол" вокзалы сияқты маңызды нысандар кіреді. Өрт сөндірушілер жұмысын бастаған екі ай ішінде 200-ге жуық дабылға жедел шығып үлгерген.
Сапалы әрі тез құрастырылатын модульді материалдардан салынған өрт сөндіру депосы функционалдық тұрғыдан өте қолайлы. Ғимаратта жұмыс, диспетчерлік, демалыс бөлмелері, оқу сыныбы және ас үй қарастырылған. Жабық тұраққа алты арнайы техника сыяды.
Президентке өрт сөндіру және құтқару операцияларына арналған заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар биік ғимараттардағы өртті өшіруге пайдаланылатын дрондардың жұмысы таныстырылды.
Мемлекет басшысы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен сөйлесіп, осындай заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет екенін және аталған жобаның аясы кеңейтілетінін жеткізді. Президенттің айтуынша, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың әлеуметтік мәселелерін шешу және баспанамен қамту жұмыстары жалғасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған екі қабатты жатақхананы аралап көрді. Сондай-ақ жатақханаға қоныстанған өрт сөндірушілердің отбасыларын құттықтады.
Бұдан кейін № 23 жаңа өрт сөндіру бөліміне спорт жабдықтарын сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.10.2024, 20:01 16836
Мемлекеттік бюджетке 14,9 трлн теңге түсті
Достарға айту
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында экономиканы әртараптандыру шаралары күшейтілген. Есепті кезеңде шикізаттық емес секторды дамыту нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 пайызды құрады. Ең жоғары өсімді ауыл шаруашылығы (11,4%), құрылыс (10,1%), көлік (8%), байланыс (6,4%), сауда (6,3%), өңдеу өнеркәсібі (4,8%) салалары көрсеткен. 14 өңірде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артқан.
Биылғы қаңтар-тамыз айларында сыртқы тауар айналымы 91,7 миллиард долларды құрады, оның ішінде экспорттың үлесі 3,3 пайызға көбейді. Оң сауда балансы 34,8 пайызға өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түскені туралы мәлімет берілді. Әлеуметтік төлемдер бюджет шығысының негізгі бөлігін құрайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына заңсыз иеленген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды. Жыл басынан бері комиссия 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдаған. Бүгінде мемлекетке 265 миллиард теңгені құрайтын активтер, соның ішінде ақшалай 177 миллиард теңге қайтарылды. Барлық қайтарылған қаражат әлеуметтік маңызы зор жобаларға жұмсалып жатыр. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның субъектілері бірқатар жобаларды, атап айтқанда, мұқтаж адамдарды оңалту және әлеуметтендіру бағдарламаларын, мәдени-білім беру орталығы мен спорттық манеж құрылысын қаржыландыруды бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Исламабадта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы жөнінде баяндалды.
Президент Үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде инновацияны дамыту, ірі индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шараларын жалғастыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.10.2024, 13:58 17081
Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Бейжіңдегі (Қытай) халықаралық COTTM (China Outbound Travel & Tourism) туристік көрмесіне қатысып жатыр. Көрмедегі Қазақстан стенді ҚР Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Kazakh Tourism ҰК АҚ және Алматы облысы Туризм басқармасы Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастыруда.
Ұлттық стендте Қазақстанның туризм әлеуетін 21 туристік сала өкілі таныстырады. Олардың қатарында 12 туроператор, 7 қонақ үй және демалыс орындары бар. Қазақстан әлеуеті зор туристік бағыт ретінде халықаралық танымалдылыққа ие болып келеді. Еліміздің туристік мүмкіндіктері China Media Group, Dragon Trail және басқа да жетекші халықаралық платформаларда жаһандық аудиторияның назарын аударуда.
Қытай Қазақстан үшін негізгі туристік мақсатты нарықтардың бірі саналады. Былтыр қарашада Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін 30 күнтізбелік күнге дейін өзара визасыз режим енгізілсе, биылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны артты. Қазіргі таңда Қазақстан - Қытай бағыты бойынша аптасына 44 рейс орындалады.
eQonaq жүйесінің деректері бойынша, биылғы 10 айда Қазақстанға ҚХР-дан 122 мыңнан астам турист келген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64% көп. Былтырғы 10 айда елімізде 78 515 қытайлық турист саяхаттаған.
Көрме аясында Outbound Tourism Investment & Development Forum іс-шарасында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.10.2024, 12:51 17346
Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды
Достарға айту
Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оның 4-і Қарағанды, 2-і Алматы және 1-і Павлодар облысында.
Қазіргі уақытта 3 иесіз гидротехникалық құрылысты республикалық меншікке алу процесі жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты арнайы ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар тоғандар мен бөгеттер секілді шағын гидротехникалық құрылыстарды теңгерімге қабылдайды, бұл олардың техникалық жай-күйін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді",- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.10.2024, 11:34 17966
Сарандағы барлық үйлер жылуға қосылды
Достарға айту
Сарандағы барлық үйлер мен әлеуметтік нысандар жылуға қосылды. Жылу көздері қажетті отынмен қамтамасыз етілген. Қаланың барлық өндірістік нысандары өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазандықтардың, орталық жылу көзінің, сондай-ақ жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жедел штаб отырыстарын өткізді.
Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандықтар дайындалып, іске қосылды. Жылуды толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықтарда жылу беру температурасын бақылаудамыз. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерлер де жақын арада кеңейтілетін болады. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық бойынша сұрақ қойды, бұл үйлер басқа жұмыс істеп тұрған қазандықтарға қайта қосылды", - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Арнайы комиссия құрылып, оның құрамында энергия қадағалау өкілдері, өңірлік және басқа да ведомстволардың басшылары, ТЖД бірлесіп жұмыс жасауда. Орталық жылу көзін жөндеу кезінде жабдықтарды жеткізуші зауыттың мамандары шақырылды.
Біз барлық жылу көздерін аралап, жылумен қамту схемасын қалпына келтіру жұмыстарының барысына жеткілікті түрде егжей-тегжейлі талдау жасадық. Келесі шешім қабылданды: орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен қамтуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді. Барлық әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік нысандар өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істеуде", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Үйлерге жылу беру аяқталуда.Жағдай энергетика министрлігі мен облыс әкімдігінің бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.10.2024, 14:46 45991
Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының Есік филиалы ашылды
Достарға айту
Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының Есік филиалы" ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қытай Халық Республикасының Шәнси провинциясы, Сиань қаласындағы Жібек жолы археологиясы бойынша серіктестік ғылыми-зерттеу орталығының филиалы ашылды.
Филиал халықаралық ынтымақтастық аясында Жібек жолы бойындағы археологиялық және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында жұмыс істейтін болады.
Іс-шара барысында орталық пен музей-қорық арасында келісім-шартқа қол қойылып, филиалдың ресми куәлігі табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, музейтану және археология саласының мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Филиалдың ресми ашылуына орталықтың басшысы, профессор Жао Роң (Zhao Rong) мырза бастаған делегация арнайы келді.
Айта кетейік, "Есік" музей-қорығы құрылған күннен бастап бірнеше мемлекеттермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Сиань қаласындағы Шәнси археологиялық институтымен бірлескен ғылыми-археологиялық зерттеу жұмыстары 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.10.2024, 14:35 46351
Тоқаев Досаевқа Алматы қаласының транспорт құрылымы мен инженерлік инфрақұрылым саласын дамыту жөнінде тапсырма берді
Достарға айту
Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы баяндалды. Ерболат Досаевтың айтуынша, есепті кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрады. 2024 жылы Алматының өңірлік жалпы өнімі 5,5 пайыз деңгейіне жетіп, келесі жылы 6,4 пайызға дейін өседі деп болжанып отыр.
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 1 133 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 8,1 пайызға жеткен. Жыл соңына дейін 2 триллион теңге инвестиция тартылады.
Президентке жергілікті бюджет кірістері 27,2 пайызға артқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары аясында басымдық берілген жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері қала бюджеті 204,5 миллиард теңгеге артып, 1828,5 миллиард теңгені құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті өркендетуге ден қоя отырып, экономиканы әртараптандыру жұмыстары жалғасады. Кәсіпкерлік субъектілер саны 6,2 пайызға өсіп, 361,1 мыңға жетті. Жыл қорытындысы бойынша Алматының өңірлік жалпы өнім көрсеткішіндегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 60 пайызға дейін артады.
Президент тапсырмасын орындау мақсатында қаланың дамуын сапалы қамтамасыз етуге және тиімді бақылауға арналған Қала құрылысы регламенті, Құрылыс жүргізу ережесі және Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді. Өзгерістер жыл соңына дейін қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған бюджет 2,5 есе өсіп, 26,3 миллиард теңгеге жеткені туралы есеп берілді. Тамыз айында еліміздегі алғашқы Ерте араласу орталығы ашылды. Бұл мекеме ведомствоаралық іс-қимылды үйлестіріп, балалар арасындағы мүгедектікті төмендетумен шұғылданады.
Әкімнің айтуынша, басым бағыттың бірі - инженерлік инфрақұрылымды жаңарту. Есепті кезеңде 219 шақырым сумен жабдықтау және су тарту желілері салынып, қолданыстағы 27,3 шақырым желі жаңартылды. Бұдан бөлек, 66 шақырым электрмен жабдықтау желісі реконструкцияланды.
Мемлекет басшысына Алматының жасыл желегін көбейту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды. Оған күтім жасау үшін 110 шақырым тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Жыл соңына дейін саябақтардың ауданы 996 гектарға дейін кеңейеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін арттыру, транспорт құрылымын дамыту және қоғамдық көліктерді экологиялық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.10.2024, 11:34Сарандағы барлық үйлер жылуға қосылды 17.10.2024, 12:51 16416Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды17.10.2024, 13:58 16151Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады17.10.2024, 20:01 15906Мемлекеттік бюджетке 14,9 трлн теңге түсті17.10.2024, 20:08 15626Мемлекет басшысы № 23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды
11.10.2024, 17:57 84616Атырауда жаңа Салық кодексінің жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды11.10.2024, 18:17 84456Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады11.10.2024, 18:13 84336Атырау қаласында Теңіз кен орнындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды11.10.2024, 18:15 84296Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды11.10.2024, 17:53 83961Вице-премьер Серік Жұманғаринге "Дустлик" ордені табысталды
26.09.2024, 18:14 101016Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 96491«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 95236Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 90811Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді04.10.2024, 16:46 88786Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады