27.01.2022, 16:47 75191

ҚР ҰҚК экс-басшысы Мәсімов пен оның орынбасары қамауға алынды

ҚР ҰҚК экс-басшысы Мәсімов пен оның орынбасары қамауға алынды
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАҢТАР - Мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов қамауға алынды.
 

К.Мәсімов пен Ә.Садықұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Д.Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі "өте құпия" белгісімен тергелуде.
 

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеудің жариялануға жатпайтындығын комитеттен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) растады", - делінген Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратта. 

 
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны