22.08.2024, 17:49 71091

ҚР Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітіледі

Қорғаныс ведомствосы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Нормативтік құқықтық акт "Ғылым және технологиялық саясат туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңдарының нормаларына сәйкес қабылданады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 5 қыркүйегіне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15178459 сілтеме бойынша танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны