23.08.2022, 15:16 9196

ҚР Премьер-Министрі жанар-жағармай тапшылығын болдырмау және бағаны бақылау бойынша комиссия құруды тапсырды

"ҚазМұнайГаз" және ҚТЖ компаниялары Мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін уақытылы жіберуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы қажет.
НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жанар-жағар май тапшылығын болдырмау және бағаны бақылау бойынша комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жанар-жағармайдың бағаларын бақылау және тапшылығына жол бермеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құруға тапсырамын", - деді Премьер-Министр Үкімет отырысы барысында.

 
Сондай-ақ, ол Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, баға негізсіз көтерілген жағдайда тиісті ден қою шараларын қабылдауы керек екенін айтты.
 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "ҚазМұнайГаз" және ҚТЖ компаниялары Мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін уақытылы жіберуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы қажет", — деді Әлихан Смайылов. 

 
Сонымен қатар Цифрлық даму, иннофациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Энергетика министрліктеріне дизель отынын сатудың тәуліктік лимиттерін бақылау жөніндегі ақпараттық жүйені енгізуді жеделдету тапсырылды.
 

Энергетика министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егін орағы кезінде шаруаларды жанар-жағармаймен уақытылы қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын", - деді Әлихан Смайылов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны