23.09.2024, 13:28 2431

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары - ҚР Туризм және спорт министрі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны