30.07.2024, 14:13 53831

Республикалық автожолдардың 5,4 мың шақырымы орташа жылдамдықты анықтайтын камералармен қамтамасыз етіледі

Республикалық автожолдардың 5,4 мың шақырымы орташа жылдамдықты анықтайтын камералармен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан орын алады, бұл жалпы апаттың 37%-ын құрайды. Көлік министрі ақылы жолдарда орнатылған камералардың орташа жылдамдықты есептеуге мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, "Астана-Бурабай" тас жолында көліктердің орташа жылдамдығы сағатына 140 км екеніне қарамастан, 180 км жүріп өткен көліктер тіркелген. "ҚР Парламенті Сенатының қарауына "Республикалық жолдарда орташа жылдамдықты енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды. Заңды биылғы қазан айында қабылдау жоспарланған. Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар 5,4 мың шақырым автожолдардың орташа жылдамдықты анықтайтын камералармен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі уақытта Бас Прокуратурамен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп орнатылатын камералардың автоматты түрде айыппұл салу тәсілдері пысықталуда. Заң қабылданғанға дейін интеграцияны толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті Марат Қарабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны