02.07.2024, 16:29 28511

Салық кодексіне енгізілген түзетулер: қандай жаңалықтар қарастырылған

Салық кодексіне енгізілген түзетулер: қандай жаңалықтар қарастырылған
Президент Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды, деп хабарлады Асхат Аймағамбетов.

Бұл заңда біз - бір топ депутаттар дайындаған түзетулер бар. Мақсаты кәсіпкерлердің ғылым саласына инвестиция жасау белсенділігін арттыру мен зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізуді ынталандыру.

Зерттеу университеттерінің жанынан ғылыми орталықтар ашу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау үшін жұмсалған қаражаттың 100%-ын салықтық шегерімге жатқызу ұсынылды. Осылайша бизнес ғалымдарымыздың зерттеулерін өндіріске енгізіп, ғылыми орталықтарды, жаңа жұмыс орындарын ашып, олар бюджетке одан да көп салық төлеуге мүмкіндік алады.

Жеке компаниялар үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар бойынша салық салынатын сомманы 50%-ға төмендету ұсынылады. Кәсіпкерлер немесе ғылыми ұйымдар, не университеттер өздерінің жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізгенде, бұл бағыттағы шығыстарының 50%-ы салық салынатын табысты айқындау кезінде төмендетілетін болады.

Салық преференцияларының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету. Қолданыстағы заңнамада ғылым саласын қаржыландырған компанияларға берілетін жеңілдіктер аз болса да бар, бірақ олардың өзі бүгінгі күні тиімді іске асып жатқан жоқ.

Бизнестің ғылымға жұмсаған инвестициясын, ашқан ғылыми орталықтары бойынша ақпаратты растау үшін және де бұл қаражат нақты осы ғылымға жұмсалды ма деген сұраққа жауап беріп, тиісті жеңілдіктерді алуға мүмкіндік ашатын ғылым министрлігінің хабарламасы ретінде арнайы құжат осы заңға енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны