11.11.2024, 13:48 79551
Санжар Әділов Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Достарға айту
Санжар Әділов Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", деп көрсетілген өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.11.2024, 19:21 9186
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының элеваторларына қосымша 177 мың тонна астық орналастыра алады
Достарға айту
Азық-түлік келісім шарт корпорациясының еншілес компаниясы - "Астық қоймалары" ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің астығын қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету үшін өзінің элеваторлық қуатын ұсынады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметінен.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан төрт лицензияланған астық базасының жалпы сыйымдылығы 491,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінде бұл элеваторларда Азық-түлік корпорациясының 139,8 мың тонна көлеміндегі дәнді және бұршақ дақылдарын қоса алғанда 314 мың тонна сақталуда.
Астық қоймалары" ЖШС астық қабылдау пункттерінің жүктемесі 64%-дан аспайтынын ескеріп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер компанияның элеваторларына қосымша тағы 177 мың тонна астық орналастыра алады. Қазіргі уақытта кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеуде, АҚП-да астықты қабылдау, кептіру, тазарту және сақтау қызметтерін көрсетеді.
Елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астық қолхаттарын беруге құқығы бар барлығы 191 жеке лицензияланған АҚП жұмыс істейді. Бұл нан базаларының жиынтық сыйымдылығы 13,2 млн тоннаға жетеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша республиканың барлық астық қоймаларының жалпы қуаты 30 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте лицензияланған АҚП 42%-ға жүктелген және қосымша 7,6 млн тонна астықты орналастыруға қабілетті.
Негізгі астық егетін өңірлерге келетін болсақ, мұндағы бос қуаттардың көрсеткіштері келесідей: элеваторлардың бос ауданы Ақмола облысында - 2,5 млн тонна, Солтүстік Қазақстан облысында - 1,6 млн тонна, Қостанай облысында - 1,6 млн тонна құрайды.
Ағымдағы сақтау қуаты егін жинау мен сақтауды тиімді басқару үшін жеткілікті. Элеваторлар жұмысының мәселелері тұрақты бақылауда, АШМ туындаған барлық жағдайларға жедел ден қоюға дайын.
Айта кетейік, АШТӨ нақты уақыт режимінде Qoldau жүйесінде элеваторлар мен астық қоймаларының картасы бойынша барлық өзекті ақпаратты қадағалай алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 19:18 9491
Мемлекет басшысы СOP29 аясындағы Қазақстан павильонына барды
Достарға айту
Мемлекет басшысы СOP29 аясындағы Қазақстан павильонына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 Дүниежүзілік климат саммитінде ұсынылған Қазақстанның экспозициясымен танысты.
Көрме еліміздің мәдениетін, инновациялық және экологиялық жобаларын паш етеді. Кеңістік табиғи материалдарды пайдалана отырып этностильде безендірілген. Осылайша ұйымдастырушылар халқымыздың дәстүрді берік сақтайтынын әрі экологиялық ұстанымды қолдайтынын көрсеткен.
Президентке жасыл сутегін өндіретін Hyrasia One болашақ зауытының макеті таныстырылды.
Бұдан кейін Мемлекет басшысына Гүлфия Мелдештің сайғақ мүсіндері және отандық экологиялық өнімдер көрсетілді.
Павильонға келушілер Қазақстанның биоалуантүрлілігі, сондай-ақ сирек кездесетін немесе жойылып кету қаупі төніп тұрған Тұран жолбарысы, Пржевальский жылқысы, киік және қар барысы секілді түз тағыларын қайта көбейту мақсатында елімізде қабылданған шаралар жөнінде мағлұмат алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 19:13 9751
Үкіметте сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселесі қаралды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Саланы дамыту Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға, технологиялар мен капитал тартуға, сондай-ақ экономиканың жаңа секторларындағы жеткізу тізбегіне қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ, "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" РМК компанияларының басшылары баяндама жасады.
Қазақстанда бериллий, скандий өндіретін әлемдегі толық циклді үш зауыттың бірі, сондай-ақ тантал мен ниобий өндіретін жаһандық төрт өндірістің бірі орналасқан. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, еліміздің металлургия зауыттарында висмут, сүрме, селен және теллурид өндіріледі, алюминий тотығынан галлий, полиметалл шикізатынан индий алу технологиясы бар. Биылғы қараша айында Алматы облысындағы қуаты 3,3 млн тоннаға дейін жететін Бұғыты кен орнында вольфрам концентраты өндірісі іске қосылды. Жобаға салынған инвестицияның жалпы құны $350 млн-ды құрады.
Сондай-ақ Премьер-министрге вольфрам кенін игеру және шикізатты аммоний паравольфрамат дайын өніміне дейін өңдеуді тереңдету, магниттер өндірісі бойынша кластер құру саласындағы перспективалы жобалар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндалды.
Батарея материалдарын, тұрақты магниттерді өндіру, ресайклинг әдісі және ыстыққа төзімді қорытпаларды өндіру секторларын дамытуға назар аударылды. Қажетті металдарды өндіру және қайта өңдеу бойынша жобалар іске асырылуда. Мәселен, әлемдегі ең ірі Сарытоған кен орындарының бірінде дайын өнімге жеткізумен графит концентратын өндіру жоспарлануда. 2024 жылдан бастап Қазақстанда марганец сульфаты моногидраты шығарылады, ол әлемдік нарықтың 5%-ын қамтиды. Сондай-ақ Германияның Bergbau AG компаниясымен литий кен орындарын игеру бойынша жобалар іске асырылуда, Кореяның KIGAM институты Шығыс Қазақстан облысында литийге геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргізуде. Сонымен қатар рений, тантал, вольфрам, никель және кобальт металдары негізінде реактивті авиақозғалтқыштар құнының 50%-на дейін құрайтын ыстыққа төзімді никель қорытпаларын өндіру жоспарлануда. Бүгінгі таңда елімізде авиақозғалтқыш қалақтарының сынықтарын қайта өңдеу жолға қойылған.
Олжас Бектенов қазақстандық компаниялардың геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, оның ішінде инвестицияларды одан әрі тарту үшін техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу бөлігіндегі әлеуетін атап өтті. Мұндай тәсіл Қазақстанның сирек және жерде сирек кездесетін металдарының әлемдік өндірісіндегі үлесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Премьер-министр Үкімет отандық ғылыми-зерттеу институттары мен өндірушілерге қолдау көрсететінін атап өтті.
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар өнеркәсібін дамыту отандық қаржы институттарының белсенді қатысуын талап етеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, шикізат өндіруден бастап терең өңделген өнім шығаруға дейінгі өндірістік тізбектің толық циклі бар кластер құру үшін модель әзірлеу тапсырылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Ұлттық геологиялық қызмет базасында халықаралық аккредиттелген зертхана құру мәселесін пысықтау жүктелді, бұл қазақстандық кәсіпорындарға жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес болуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 14:17 17651
Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүріліп жатыр
Достарға айту
Қорғаушы-Защитник" бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) салынып жатқан үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз бой көтерген, деп хабарлады Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы.
Жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз бір учаскеде үш қабатты және бір қабатты күрделі құрылыстар тұрғызылған. Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды.
2024 жылдың 19 шілдесінде басқарма жер учаскесінің иесіне (жеке тұлғаға) заңсыз құрылысты бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берді.
Нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанның иесі ғимаратты өз еркімен бұза бастады.
Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 52 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 13:46 43126
Ұлытау облысында ауа сапасының мониторингі жүргізілуде
Достарға айту
Ұлытау облысында ауа сапасының мониторингі жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде атмосфералық ауаның сапасын бақылауды жүзеге асыратын экобекеттердің саны ұлғайды.
Атап айтқанда, "Қазгидромет" РМК-ның тарапынан атмосфералық ауаның ластануын мониторингтеу бойынша қызметтер көрсетудің төмен сапасы негіз болды.
Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана қолданыстағы 5 экостанциясына қосымша Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдіктерінің 8 экостанциясын (Қазгидромет экобекеттерін) қолдану мәселесі шешілді.
Прокурорлық ден қою нәтижелері бойынша мониторингте басқа облыстарда орнатылған жергілікті атқарушы органдардың 58 экостанциясы пайдаланылатынын атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда олардың барлығы мемлекеттік бақылау желісіне, оның ішінде пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін "AirKZ" мобильді қосымшасына біріктірілген (әзірлеуші "Қазгидромет" РМҚ).
Мобильді қосымша 69 облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалардың экостанцияларына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, атмосфералық ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік береді (AppStore және Google Play-де қол жетімді).
Сондай-ақ соңғы 24 сағаттағы зиянды шығарындылар концентрациясының өзгеру динамикасын және әрбір ластаушы заттың сипаттамасын ұсынады.
Нәтижесінде азаматтар әртүрлі кластерлер туралы хабардар бола отырып, ауаның ең қолайлы сапасы бар аудандарды дербес анықтай алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 13:38 43751
Елімізде пациенттерге дәрі-дәрмек беру процесін жеңілдету үшін "әлеуметтік әмиян" жүйесі арқылы дәрілік заттарға электронды ваучерлер алу тетігі қарастырылады
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы ірі отандық фармацевтика компанияларының басшылары: "Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы" атқарушы директоры Светлана Киль, "Химфарм" компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Айгүл Исенова баяндама жасады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1 588 түрі сатып алынған. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 251 млрд теңге бөлінді, бұл 120 нозология бойынша қамтуды 3,5 млн науқасқа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Ақмарал Әлназарова бүгінгі таңда 241 млрд теңгеге 1213 стационар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Премьер-министр дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етудің, сондай-ақ медициналық мекемелер үшін 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектер сатып алу және жеткізу рәсімдерін уақтылы аяқтаудың маңызды екенін атап өтті.
Президент ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды іске асыруды тапсырды. Бұл орайда халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету - аса маңызды мәселе болып отыр. Мемлекет медициналық көмек көрсету кезінде және есепте тұрғандарға дәрілік заттарды тегін береді. Бұл мақсатқа биылдың өзінде бюджеттен шамамен 500 млрд теңге бөлінді. Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және оларды алдын ала сатып алу - ең басты міндеттердің бірі. Ауруханалар мен емханалар үшін 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу мен жеткізу рәсімдерінің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмек тапшылығы деген мүлдем болмауы керек", - деп баса айтқан Олжас Бектенов, денсаулық сақтау министрі мен "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының дербес жауапкершілігін атап өтті.
Жалпы, дәрі-дәрмек нарығын жекеменшік өндірушілер, жеткізушілер және дәріхана желілері қалыптастырады. Премьер-министр бұл бизнесті мемлекет тарапынан препараттардың қауіпсіздігі, сапасы және оларды тіркеу тұрғысынан ғана реттелетініне назар аударды. Мәселен, биыл дәрі-дәрмектің өндірушіден емделушіге дейінгі қозғалысын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау енгізілді. Сонымен қатар тегін препараттардың заңсыз айналымына жол бермеу үшін ауруханалар мен емханаларда бақылау тетігі қарастырылған.
Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Үкімет жергілікті дәрі-дәрмек өндірушілерді қолдау шараларын іске асыруда, бұл дәрілік заттар импортын азайтуға және нарықтағы бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Премьер-министр қазақстандық зауыттардың өндірістік қуатын ескере отырып, оларда өнім шығару көлемін ұлғайту, ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялар мен ғылыми ұйымдар арасында ынтымақтастық қажет екенін баса айтты. Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің алдына фармацевтикалық жаңа өндірістер ашуға және жоғары технологиялық шешімдерді енгізу үшін қолайлы жағдай жасау міндеті қойылды.
Мемлекет басшысының сирек кездесетін аурулары бар науқастарды қымбат препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігіне "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп, орфандық препараттарды сатып алуды қаржыландыру тізбесі мен көздерін айқындап алуды тапсырылды. Премьер-министр ешкім де көмексіз қалмауы тиіс екенін баса айтты. Бұл бағыттағы жұмысты үйлестіруді жақсарту мақсатында республикалық орфандық аурулар орталығы құрылды.
Пациенттерге дәрі-дәрмек беру процесін жеңілдету үшін "әлеуметтік әмиян" жүйесі арқылы дәрілік заттарға электронды ваучерлер алу тетігін іске асыруды жеделдету қажеттігі жеке атап өтілді. Аталған міндет Денсаулық сақтау министрлігінің алдына қойылды. Бұдан басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды.
Жұртшылық кімге және қандай дәрі-дәрмектер тегін берілетіНін нақты білуі тиіс. Мемлекет өз міндеттемеЛерін орындап отыр", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 13:07 43981
Үкіметте жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары қаралды
Премьер-министр профилактикалық жұмысты күшейту және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов алдын алу жұмыстары туралы айтты, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ТЖМ мәліметінше, биыл қазан айының басынан бері тұрғын үй секторында орын алған 650-ден астам өрт тіркелген. Негізгі себептердің бірі - жылу жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің бұзылуы. Шыңғыс Әрінов өңірлер бойынша Қостанай, Қызылорда және Абай облыстарында өрттің көбейіп отырғанын баяндады.
Премьер-министр профилактикалық жұмысты күшейту және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды.
Жылу беру кезеңінде өрттердің 50%-ға жуығы пештер мен мұржалардағы ақаулардың кесірінен орын алады. Алайда, өрттің негізгі шығу себебі жылыту пештері мен қазандықтарды пайдалану кезінде өрт қауІпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі осыған баса назар аударып, мұндай бұзушылықтарға бей-жай қарамауға тиіс. Тек ұсыным берумен ғана шектелуге болмайды. Ол үшін газ-техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейту керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Әкімдіктерге ТЖМ - мен бірлесіп тұрғын үй секторында барлық жерде өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілді.
Премьер-министр халықтың әлеуметтік осал топтарын тегін газ датчиктерімен қамтамасыз ету міндетін қойды. Мұндай үйлер есепке алынып, олар ерекше бақылау аймағында болуы тиіс. Әсіресе Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз жүргізілуде - 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Олжас Бектенов жұмысты күшейтуді тапсырды.
Жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді. Олжас Бектенов әкімдіктерге жүктелген газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау тиісті деңгейде жүзеге асырылмайтынына назар аударды. Газ толтыру пункттерінің меншік иелері тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар Премьер-министр өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, баллондар өндірісін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Премьер-министр халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне Ішкі істер министрлігі мен әкімдіктер бірлесіп, жеке тұрғын үйлерге рейд жүргізуді жандандыру тапсырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде профилактикалық материалдар тарату мәселелерін пысықтау тапсырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі алдына жылу беру кезеңінде өрттің алдын алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2024, 11:32 77801
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жеті инновациялық IT-жоба гранттық қаржыландыру алды
Достарға айту
Алматыда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инновациялық IT-шешімдерді дамытуға бағытталған стартап-жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды. Алты жеңімпаз команда өз идеяларын іске асыруға 1 млн теңге, тағы бір команда - 500 мың теңге көлемінде гранттар алды. Жақын арада олар өз жобаларының прототиптерін жасауға кіріседі, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
Іс-шара ITMlab жобасы аясында ұйымдастырылды, оны ITeachMe қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.
Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша стартап-жобаларды іріктеу бойынша хакатондар Алматы және Астана қалаларында өткен болатын.
Финалдық таныстырылым барысында 18 команда өз жобаларын ұсынды, олардың идеялары бір ай ішінде кәсіби оқытушылардың жетекшілігімен пысықталды.
Барлық жобалар технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, коммуникацияларды жақсартуға, ұтқырлықты арттыруға және инклюзивті қоғам үшін жағдай жасауға бағытталған, бұл мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын едәуір арттыруға ықпал етеді.
Таныстырылымдар аяқталғаннан кейін қазылар алқасы 1 млн теңге көлемінде прототиптерді іске асыруға арналған гранттар алған 6 команданы таңдады. Қосымша тағы бір команда 500 мың теңге көлемінде көтермелеу наградасын алды.
Shaka - көру қабілеті нашар адамдарға күнделікті өмірде бағдарлануға мүмкіндік беретін вибромоторлармен/сенсорлармен жабдықталған қолғап;
Fenix Recovery - арнайы оңалту орталықтарында да, үйде де қолдануға арналған экзоскелет және локомоторлы тренажер;
Bulan - мүгедектігі бар адамдар қолданатын арбаларға арналған оңтайландырылған электронды қорап;
РиМы - Брайль шрифтында негізделген электронды кітап;
ОО "Жан" - қолдану мерзімі ұзақ қолға ұстайтын таяқтар ұштарын өндіру;
Техносила - нейрондық алгоритмдері бар қолдың бионикалық протезі;
Procrastinators - нақты уақыт режимінде ымдау тілінен мәтінге және керісінше аудармашылық қосымша
Үш айдың ішінде барлық 7 команда өз жобаларының прототипін жасау үшін жұмыс істейді. Ақпан айының басында олар қол жеткізілген нәтижелер мен мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықтимал әсерін көрсете отырып, мүдделі тараптар мен инвесторларға дайын әзірлемелерді ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.11.2024, 14:17Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүріліп жатыр 13.11.2024, 19:13 9851Үкіметте сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселесі қаралды13.11.2024, 19:18 9591Мемлекет басшысы СOP29 аясындағы Қазақстан павильонына барды13.11.2024, 19:21 9286Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының элеваторларына қосымша 177 мың тонна астық орналастыра алады13.11.2024, 10:55 7221Петропавлда 110 адам зардап шеккен қаржы пирамидасының мүшелері сотталды
08.11.2024, 13:42 113756Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады07.11.2024, 17:05 100366Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 99911Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды08.11.2024, 13:35 88416Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды11.11.2024, 13:48 79651Санжар Әділов Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
24.10.2024, 16:52 139206Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 135941Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 133326Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 128871Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 128721Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді