21.04.2022, 17:32 26246

Сенат Түркі Академиясының Қазақстандағы қызметі туралы келісімді ратификациялады

Сенат Түркі Академиясының Қазақстандағы қызметі туралы келісімді ратификациялады
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл заң Халықаралық Түркі Академиясының Қазақстан аумағындағы жұмысын реттеуді көздейді. Атап айтқанда, Академияның жергілікті және шетелдік қызметкерлері еліміздің Сыртқы істер министрлігінде аккредиттеуден өтуге тиіс. Сондай-ақ, Түркі кеңесінің және Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туларын да Ұйымның ғимараттарында орналастыруға болады және құжатта тағы басқа бағыттар бойынша басымдықтар белгіленген", - деп хабарлады Сенатта.

 
Жалпы алғанда аталған Келісім түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға арналған. Қазіргі таңда Түркі Академиясына Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия елдері мүше. Ал, Мажарстан бақылаушы ел мәртебесіне ие.
 

Халықаралық Түркі академиясы түркітілдес мемлекеттер арасындағы ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолында үлкен рөл атқарып келеді. Сондай-ақ бұл ұйым бауырлас халықтардың тарихи-мәдени мұраларын зерделеу бағытында нәтижелі жұмыс істеуде. Академияның ұйытқы болуымен жыл сайын көптеген маңызды еңбектер жарық көруде. Сол себепті ұйымның қызметін қолдаудың маңызы зор. Алдағы уақытта бұл заң Түркі Академиясына түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіретін халықаралық бірегей орталыққа айналуына және көздеген міндеттеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны