19.05.2022, 15:53 30791

Сенат ТМД елдерінің салық саясаты туралы келісімнің тоқтатылуын мақұлдады

Қазіргі таңда құжат оның ішінде Келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінімдердің болмауына байланысты өзінің өзектілігін жоғалтты.
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары "1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Хаттаманың негізгі мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы салық саясатының келісілген қағидаттары туралы келісімнің қолданылуын тоқтату болып отыр.
 
Бүгінде бұл Келісімге қол қойылғанына 30 жыл уақыт өтті. Қазіргі таңда құжат оның ішінде Келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінімдердің болмауына байланысты өзінің өзектілігін жоғалтты. Соған байланысты ТМД-ға мүше мемлекеттер Келісімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны