01.07.2024, 19:56 27726

ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі

2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ саммит өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Астана өаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, соның ішінде жол кептелісін болдырмау үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады. 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді. Бұл - ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны