03.04.2024, 16:42 27351

Шымкентте жұмыскерлердің жалақысын төлемегені үшін кәсіпорын басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауымен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорт ғимараттары дирекциясы" МКҚК-ның 203 қызметкердің алдында 24 млн. теңге сомасында жалақы бойынша қарызы анықталды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыскерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, кәсіпорын басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оған 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны