22.10.2024, 13:57 51341

Су министрлігі гидротехникалық құрылыстарда көп факторлы зерттеу жүргізіп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан бері 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізді. Нұржан Нұржігітов министрліктің аппарат кеңесінде су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Көп факторлы зерттеу - нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Бүгінгі таңда министрлік мамандары "Қазсушар" филиалдары мен жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою, жөндеу жұмыстарын жүргізу және мемлекет меншігіне қайтару бойынша өз қорытындыларын берді.

Ведомство жыл соңына дейін тағы 19 нысанда көп факторды зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Айта кету керек, жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы зерттеуден өтуге міндеттеледі.

Министрлік әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2024-2028 жылдар аралығында республика бойынша 557 нысанда көп факторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, келесі жылы 105 гидротехникалық нысан тексерістен өтеді. Көп факторлы зерттеу қорытындысы бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін нысандарды қалпына келтіру жоспарын қабылдау қажет. Бұл жұмысты бассейндік инспекциялар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе орындауы тиіс",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны