07.06.2024, 12:14 97961

Су ресурстары және ирригация министрлігі судың "қара нарығы" үшін жауапкершілікті күшейтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі судың "қара нарығы" үшін жауапкершілікті күшейтеді
Судың "қара нарығын" жою мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге ниетті. Атап айтқанда, жаңа Су кодексінде суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгертулер қарастырылып отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен. Жаңа Су кодексінде уәкілетті ведомство мен бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары беріледі. Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялар Кәсіпкерлік кодекс аясында тексеріс жүргізеді. Алайда, жоспарлау, тіркеу және хабарлау процесі ұзаққа созылуына байланысты құқық бұзушылар жиі жазадан құтылып кетеді. Бұдан бөлек, қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекске толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Бұл өзгерістер бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейтеді, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын өзгертеді, сондай-ақ жедел ден қою шараларын қабылдаудың жаңа құралдарын, шарттары мен негіздерін енгізеді. "Бұл біздің негізгі ұстаным. Судың "қара нарығын" жою және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін біз мемлекеттік бақылауды күшейтеміз. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды. Біз ұсынған жаңа нормалар мен ережелер құқық бұзушылықтар санын едәуір азайтуға және еліміздің су ресурстарына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны