04.04.2022, 16:45 15001

Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған.
Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Сурет: ҚР ҰЭМ
НҰР-СҰЛТАН. 4 СӘУІР - Президенттік кадрлық резервінің өкілі Тимур Қосымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қосымбаев Тимур Ернатұлы 1989 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Лестер (Ұлыбритания) университетінде білім алған. Бухгалтерлік есеп және қаржы магистрі.
 
2011 - 2019 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі қызметтер атқарды.
 
2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімнің бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
 
2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны