01.04.2021, 19:00 12584

ТМД елдерінің азаматтары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын отанында өтей алады

Сенат "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы", "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Заңдарды қабылдады.
НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Бүгін Парламент Сенатындағы жалпы отырыста депутаттар бірқатар ратификациялық заңдарды қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сенат "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы",  "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Заңдарды қабылдады.
 

Қазақстандық зергерлік бұйымдарды ЕАЭО аумағына экспорттау енді жеңілдей түсетін болады. Сенаторлар бүгін қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымға қосымша сынама салуды болдырмайтын заң қабылдады. Яғни, енді қазақстандық сынамасы бар зергерлік бұйымды экономикалық одақтың барлық елдерінің аумағында қайта сынамадан өткізбей саудаға шығаруға болады. Одан басқа, бұл Келісім бір жағынан қазақстандық нарыққа сапасыз зергерлік шикізат әкелуден қорғауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан аффинаж алтынын өндіруді ұлғайтуға және ЕАЭО кедендік аумағында бағалы металдар мен тастардың еркін айналымы үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Сенаттың баспасөз қызметінде.

 
Бүгін қабылданған тағы бір заң мемлекетаралық стандарттауды жетілдіруге, сондай-ақ ТМД Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес қабылдайтын құжаттарды тарату және пайдалану қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нормалар сенаторлар қабылдаған "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңда жазылған.
 
Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны сотталғандардың өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттерде өтеуі үшін жағдай жасауға "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Заң көмектеседі. Сенаторлар бүгін Палата отырысында оны да қабылдады. Бұл дегеніміз, егер адам ТМД елдерінің аумағында сотталған болса және жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, онда ол өз Отанына орала алады және бұл жаза өз елінде орындалады. Мұндай қағидат сотталғандардың қоғамдағы толыққанды өмірге тиімді оралуына да ықпал етеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны