21.09.2022, 15:14 9911
Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен келіссөз жүргізді
Конструктивті және достық жағдайында өткен кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешудің ұжымдық әдістерін әзірлеуге бағытталған күш-жігерге ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы "Болашақ саммитін" шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізді. Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Бұдан бөлек, тараптар Мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ хабын құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырды. БҰҰ Бас хатшысы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының жалпы дебатында сөз сөйлегені хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.04.2025, 11:14 8016
Мемлекет басшысы Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.
Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман "Әдебиет әлемінің Әкімі" деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.04.2025, 10:12 8336
ЕАЭО елдері фермерлерді қаржылай қолдау тетігін іске қосады
Экономиканың нақты секторында кооперацияны дамыту мақсатында 2024 жылы ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу тетігі қолданысқа енгізілгенін атап өту қажет, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл тетік ЕАЭО бюджеті есебінен қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.
Айта кетейік, ЕАЭО елдері мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары агроөнеркәсіптік кешенге қаржылай жәрдемдесу тетігін тарату қажеттігін бірнеше рет атап өткен еді.
Осылайша, ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйін талдау негізінде және Қазақстан экономикасы үшін аграрлық азық-түлік секторының маңыздылығын ескере отырып, келесі басым бағыттар айқындалды:
- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту;
- мал шаруашылығының тұрақты дамуы;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
- АӨК инфрақұрылымын дамыту.
Бүгінгі таңда Комиссия тараптармен бірлесіп, қаржылық жәрдемдесу тетігінің негізгі шарттарын және агроөнеркәсіптік кешеннің кооперациялық жобаларын іріктеу критерийін айқындауға тиіс Ереженің тиісті жобасын әзірлеуді қоса алғанда, ЕАЭО-ның нормативтік құқықтық базасына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты бастады.
Атқарылған жұмыстың нәтижелері биылғы жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларына ұсынылатын болады.
Тұтастай алғанда, қазақстандық фермерлер үшін агроөнеркәсіптік кешенде қаржылық қолдау тетіктерін қолдану ЕАЭО елдерінің бизнесімен бірлесіп кооперацияда өз технологияларын дамытуға, жеткізудің және ресурстық қамтамасыз етудің тиімді тізбектерін құруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.04.2025, 17:54 27861
Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл лауазымға 38 жастағы Ілияс Бағдәулетов кірісті. Ол еңбек жолын 2010 жылдан бастады, 2010 жылдан 2020 жылдың тамызына дейін мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі лауазымдарда еңбек етті.
2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі лауазымдарда болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.04.2025, 17:45 28191
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.04.2025, 12:25 43536
Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 16,8%-ға төмендеді
2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі 0,04 құрады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметтері бойынша, 2025 жылдың басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 293 жұмыскер зардап шегіп, олардың 40-ы қаза тапқан. Бұл ретте осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8% - ға төмендеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмыс жасаушыға шаққанда жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті) 0,04 құрады.
Жарақаттанудың жоғары деңгейі еліміздің өнеркәсіптік аймақтарында сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында - 31, Қостанай облысында - 27, Шығыс Қазақстан облысында - 24, Ақтөбе облысында - 22, Атырау облысында - 22, Алматы қаласында - 19 адам зардап шекті.
Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында - 15,3% және құрылыс саласында - 12% байқалады.
Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру (34,4%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (32%); жол жүріс ережелерін бұзу (8,4%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (7,6%) болды.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттануды азайту Үкімет пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині) негізгі міндеттерінің бірі екенін естеріңізге саламыз.
Соңғы бес жыл ішінде еңбекті қорғау саласында мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралар өндірістік жарақаттану деңгейін 6,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Еліміздің 3262 кәсіпорны бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.
2019 жылдан бастап Еңбекмині "Нөлдік жарақат - Vision Zero" тұжырымдамасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде оған 605 кәсіпорын қосылды.
Құрылыс объектілерінде бас мердігердің объектідегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша барлық қосалқы мердігерлерге жауапкершілігі мен бақылауын көздейтін бақылаудың тікелей моделін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл бақылау моделін республиканың 318 кәсіпорны енгізді.
Бұдан басқа жұмыс берушілерге еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік беретін "Онлайн еңбек кеңесшісі" электрондық сервисі іске қосылды. Сервис іске қосылған сәттен бастап оны 41 090 жұмыс беруші пайдаланды.
Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда, ол 4 негізгі бағытты көздейді. Бұл тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру. Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.04.2025, 12:14 44061
Әкімдердің орынбасарлары жылыту маусымындағы ақаулар үшін жазаланады
Жылумен жабдықтау саласын мемлекеттік реттеу және бақылау жүйесіне кешенді өзгерістер енгізілді. Үкімет салаға жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын ескере отырып іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.
Өзгерістер апаттық жағдайлар тәуекелін арттырып, жылу-энергетикалық кешеннің дамуын тежейтін ескі проблемаларды жоюға бағытталған.
Сонымен жылу желілері мен орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қатысты бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдардан ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне беріліп, оның функциялары күшейе түсті.
Жылыту кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін әкімшілік жауаптылық күшейтілді:
- жөндеу жұмыстарын бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
- қысқы кезеңде отынның нормативтік қорын сақтамағаны үшін 1 000 АЕК;
- дайындық паспортын уақтылы алмағаны үшін 300 АЕК-тен 1 500 АЕК-ке дейін ұлғаяды.
Бұл құжаттың мәртебесін және жалпы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындықты айтарлықтай арттырады.
Жылыту кезеңінің тұрақты өтуі үшін жауаптылық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына (саяси мемлекеттік қызметшілер) жүктелген.
Сонымен қатар салаға қатысушыларды, оның ішінде жылу энергетикасының негізгі объектілерін пайдалану және оның техникалық жай-күйін мониторингтеу мен бақылаудың жаңа құралдары енгізілді.
Қабылданған шаралар жылу-энергетикалық кешеніндегі авариялық жағдайлардың ықтималдығын азайтуға, азаматтар мен бизнес үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ саланың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.04.2025, 11:09 44396
Алматыда "Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы "Алматы жастары" бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдау қорытындысын шығарды. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1426 наурыз аралығында www.almaty-zhastary2025.kz . ресми сайты арқылы өтті. Барлығы 6626 өтінім берілді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Өтінімдердің ең көп саны білім беру саласының өкілдерінен түсті - 2191. Бұдан кейін денсаулық сақтау (1381), жұмыс істейтін жастар (881), ЖОО және ҒЗИ (635), коммуналдық қызметтер (428), мәдениет (360), құқық қорғау органдары (343), Әлеуметтік сала (245), спорт (86) және журналистика (76) салалары.
2025 жылы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 2550 заем беру жоспарлануда. Оның ішінде 1050 заем "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушыларына арналған.
Сонымен қатар бірқатар бағыттар бойынша квоталар анықталды:
* білім - кемінде 350 заем; денсаулық сақтау кемінде 350 заем;
* республикалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері жалпы көлемнің 5% - дан аспайды;
* құқық қорғау органдары 5% - дан аспайды.
Берілген өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша 3412 қатысушыға қатысты оң шешім шығарылды. Мақұлданған өтінімдерді салалар бойынша бөлу:
* білім - 994;
* денсаулық сақтау - 630;
* жұмыс істейтін жастар - 759;
* республикалық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері - 249;
* құқық қорғау органдары - 167;
* қалған салалар - 613.
Мақұлданғандардың қатарында "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының 759 жалға алушысы бар, оларға "Отбасы банк" АҚ-ға жолдамалар берілген.
Үш кезеңде 1500 қатысушы төлем қабілеттілігін растау үшін банкке жолдама алады. Олар 15 жұмыс күні ішінде банктің қызмет көрсету орталығына хабарласуы керек. Төлем қабілеттілігі расталған жағдайда қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйді таңдай алады.
Қосымша 1153 қатысушы негізгі құрамды бағалау аяқталғанға дейін резервтік тізімге енгізілді. 3214 өтініш беруші тізімнен шығарылды, негізгі себептері - жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, меншігінде тұрғын үйдің болуы, қажетті анықтамалардың болмауы, соңғы 6 айда зейнетақы аударымдарының болмауы және басқалар.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы бағдарламаның шарттары жаңартылды:
* қарыздың ең жоғары сомасы 18 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды;
* бағдарламаны қамту "жұмыс істейтін жастардың" 1050 жалға алушысын қоса алғанда, кемінде 2550 адамды құрайды.
Бұдан басқа, жұмыс істейтін жастар қатарындағы қатысушыларға Алматыда немесе Алматы облысында жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.04.2025, 11:03 44671
Қазақстанда Алматыда болған қайғылы оқиғадан кейін марафондарды өткізуге қойылатын талаптар күшейтіледі
Қазақстанда Алматыда болған қайғылы оқиғадан кейін марафондарды өткізуге қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желіде хабарлады.
Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы - ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады.
Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.
Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды.
Қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айтамын!", - деген жазба қалдырды миинистр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.04.2025, 10:12ЕАЭО елдері фермерлерді қаржылай қолдау тетігін іске қосады 22.04.2025, 11:14 6971Мемлекет басшысы Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады22.04.2025, 10:04 2726Шымкентте әкімдік қызметкеріне оқ атылды22.04.2025, 12:19 2491Ұлытау облысында "Дропперлерден" заңсыз иеленген қаражаттар өндірілді22.04.2025, 12:23 2231Эфедрон, кокаин және 200 LSD маркасы: үш қазақстандық есірткі сату ісі бойынша бас бостандығынан айырылды
18.04.2025, 17:23 109571Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды18.04.2025, 17:18 103541"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі18.04.2025, 17:14 Қазақстан президенті Маңғыстау облысында су тапшылығын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды94101Қазақстан президенті Маңғыстау облысында су тапшылығын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды18.04.2025, 16:58 88506Air Astana рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды18.04.2025, 17:11 88496Тоқаев Кендірлі курорттық аймағында салынатын әуежай құрылысын жеделдетуді тапсырды
24.03.2025, 18:51 119661Алматы облысының тауларында көшкін жүру қаупі сақталады03.04.2025, 16:52 110761Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты24.03.2025, 12:47 110376Алматы тұрғындарына қатты нөсер мен найзағай болуына байланысты тауға шығуды тоқтату туралы хабарланды18.04.2025, 17:23 109571Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды26.03.2025, 19:00 105251Астанада санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде