05.01.2022, 00:45 7361

Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Сурет: Ақорда
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАҢТАР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құрметті отандастар! Қадірлі ағайын! Баршаңызға тағы да айтарым: іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Бірақ, бізге өзара сенім және өзара диалог керек", - деді ҚР Президенті.

 
Мемлекет басшысы жастарға үндеу жолдады.
 

Жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі, тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты", - деп атап өтті ҚР Президенті.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жылдан кейін газ бағасының литріне 120 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты Маңғыстау облысында митингтер басталды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Үкіметтік комиссия құрылды. Маңғыстау облысында газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басқа да бірқатар облыстарында наразылық акциялары өтті. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны