25.02.2021, 20:10 13475

Тоқаев: ӘКК-ні толыққанды институттарға айналдыратын кез келді

Аймақтардағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын қайта реформалап, оларды толыққанды институтқа айналдыру қажет.
Нұр-Сұлтан. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысы барысында ӘКК жұмысы туралы айтып, кәсіпкерлердің өз жұмысшылары үшін тұрғын үй салуға жұмсаған шығындарының жартысын өтеуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни, алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады. Ауылдық жерлердегі тұрғын-үй мәселесін шешу үшін кәсіпкерлер өз жұмысшыларына арнап үй салса, оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаруды ұсынамын. Бұл ұсыныс ауылды дамытуға жан-жақты септігін тигізіп, экономикалық белсенділікті арттырып, қажетті мамандарды, ең алдымен, мұғалімдер мен дәрігерлерді, мал дәрігерлерін тартуға мүмкіндік береді", - деді Президент.

 
Ол өңірлердің әлеуетін арттыру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылғанын еске салды.
 

Аймақтардағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын қайта реформалап, оларды толыққанды институтқа айналдыру қажет. Олардың жұмысы ашық әрі қоғамның толық бақылауында болуға тиіс. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіру үшін Ұлттық экономика министрлігінің құзыретін күшейту керек", - деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны