29.12.2021, 13:42 17346

Тоқаев Путинмен кездесу өткізді

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілдері толатынын айтты.
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 29 ЖЕЛТОҚСАН - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің түрлі аспектілерін талқылады. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілдері толатынын айтты. Сондай-ақ білім беру, цифрландыру, энергетика және басқа да салалардағы ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
 

Білім беру саласындағы келісім – өте маңызды. МФТИ және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті сияқты Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарында мамандар даярлауға ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
 
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санкт-Петербургтегі Константиновский сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Президентімен кездесуі өткен болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны