23.01.2023, 13:35 19496

Үй жануарларын аусылға қарсы вакцинациялау Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізіледі

Үй жануарларын аусылға қарсы вакцинациялау Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізіледі
Аусылға қарсы вакцинациялауға 7,5 млн бас ірі қара мал мен 20 млн қой жатады

Астана. 23 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл Қазақстанның бүкіл өңірлерінде аусылға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Сол үшін республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге қарастырылған.

Бұл жайында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында айтты.

Аусыл бойынша айтсақ, былтыр 14 қаңтарда Қарағанды облысында аусылдан қойласыз ошақ ашылған. 8 ақпанда жұмыстардың бәрі толық аяқталып, батыс, солтүстік, орталық өңірлерде аусылған қарсы екпе жұмыстары жүрді. Вакциналауға былтыр конкурс өткізгенбіз. 1 млрд 600 млн теңге үнемделген. Осы ақшаға аусылға қарсы екпе алынды. Ресей Федерациясының Владимир қаласында өндірілген вакцинаны сатып алғанбыз. Халықаралық бюроға мәліметтер берілді. Қазір сол жақтан комиссия тосып отырмыз. Наурыз, сәуір айларында келеді. Мамырда өтетін 90-сессиясында "Қазақстан аусылдан таза, вакцина қолдану керек" деген шешім қабылданады", - деді ол.


Комитет басшысы аусылға қарсы екпенің шығыны республикалық бюджеттен бөлінгендіктен, қарапайым мал иелері үшін бұл тегін болатынын ескертті.

Биыл бүкіл республика бойынша вакцина егіледі. Сол үшін вацина сатып алу туралы конкурс жарияладық. Оған 3,5 млрд теңге қарастырылған. Халықалық эпизотикалық бюроның аса қауіпті аурулар тізбесінде 88 ауру енген. Оның 45-і белгілі бір кездері Қазақстан аумағында тіркелген. Бірақ соның тек 23-іне ғана республикалық бюджеттен вакцина сатып аламыз. Аусыл соның ішінде. Мемлекет өзі сатып алатын вакциналар халық үшін тегін. Мұны халық та, шаруа қожалықтары жақсы біледі", - деді Асқар Жақыпбаев.


Сонымен қатар, өткен жылы қазақстандық ғалымдар ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларын емдеу саласындағы сенсациялық жаңалық туралы хабарлады.

Шілде айында Алматыда инфекцияға қарсы ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша қазақстандық-британдық бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа қол қойылды.

Өткен жылдың қараша айында KAZAKHSTAN TODAY агенттігі ҚазҰАА академигі, химия ғылымдарының докторы Александр Ильинмен сұхбат жариялады, онда ғалым ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың жұқпалы ауруларымен күрес саласындағы ғылыми зерттеулер мен жаңалықтар туралы айтты.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны