28.12.2022, 16:25 35491

Жақын арада мемлекетке 360 млрд теңгеден астам сомаға активтер мен ақшалай қаражат қайтарылады

Жақын арада мемлекетке 360 млрд теңгеден астам сомаға активтер мен ақшалай қаражат қайтарылады
Сурет: Depositphotos
Қаражат мектеп құрылысына бағытталады

Астана. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті. Жақын арада активтер мен ақшалай қаражатты тағы 360 млрд теңгеге қайтару жоспарлануда.

Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.


Бұдан бөлек, баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталатын болады", - деп атап өтті Антикор.


Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдауында жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салуды тапсырған болатын. Президент 2025 жылға дейін заманауи талаптарға сай 800 мың оқушы орны құрылатынына уәде берді. Бұл апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны