26.08.2024, 20:19 25791

Жамбыл облысында әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқықтары қорғалды

Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім баланың тұрғын үй құқығын қорғады.

Атап айтқанда тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарлату, пәтерлерді беру кезінде кезекті сақтамау және т.б. фактілері анықталды.

Мысалы, Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 баланы қамқоршылары баспанаға кезекке қоймаған.

Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалдау ақысының құнын жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге төмендету жолымен 200 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 156 жетім бала кезекке қойылды, олардың 3-уі тұрғын үй алды.

Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны