24.09.2024, 12:33 6156

Жамбыл облысының полиция бастығы мен оның орынбасарлары тексеруден кейін қызметтерінен босатылды

Жамбыл облысының полиция бастығы мен оның орынбасарлары тексеруден кейін қызметтерінен босатылды
Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту және "заң мен тәртіп" қағидатын нығайту бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында, сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінде жүргізілген ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.

Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды.

ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.

Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны