27.08.2024, 20:48 49036

Жастар арасында "Uly dala saryny" сыйлығына байқау басталды

Жастар арасында "Uly dala saryny" сыйлығына байқау басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда "Fenomen Jas" жобасы аясында "Uly dala saryny" сыйлығы беріліп жатыр.

Жобаның мақсаты - табысты жастар өкілдерін насихаттау және үздік жастар ұйымдарын ынталандыру.

Байқауға еліміздің 14 пен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы тұрғындары мен қоғамдық қызметте табысқа жеткен жастар ұйымдары қатыса алады.

Байқауға өтінімді келесі номинациялар бойынша беруге болады:

Үздік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы - 2024";


Үздік қоғамдық қызметкер - 2024";


Үздік жастар ұйымы - 2024";


Жастар үні - 2024";


Үздік медиа - тұлға - 2024".


Өтініштер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны