22.01.2024, 21:10 23741

Абай облысында үйлерді тонап келген аса қауіпті ұрылар тобы құрықталды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Абай облысында үйлерді тонап келген аса қауіпті ұрылар тобы құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция Абай облысының Аягөз қаласында арнайы операция жүргізіп "сериялық" қылмыстарға қатысы бар ұрылар тобын ұстады. Күдіктілер үй-жайларды жайпап тонаумен күн көрген.

Былтырдан бері аудан полициясына жергілікті тұрғындардың үйлерінен ақша, қымбат заттар мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы арыздар түсе бастаған. Қолды болған құнды заттардың жалпы сомасы 2 млн 170 мың теңгені құрады.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұрылар үй иелері жоқ кезде жеке сектордың аумағына кіріп, пластикалық терезелерді сындыру арқылы ішке кіріп, құндылықтарды ұрлап жүрген.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық және үй-жайға заңсыз кіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны