23.01.2024, 16:13 32866

Алматыда банктік шоттардан ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы үш мүшесі халықаралық іздестіруге жарияланды
Алматыдағы ҰҚТ мүшелері банктік шоттардан ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып және ойдан шығарылған мәмілелер бойынша шот-фактураларды жазумен айналысқан, деп хабарлайды ҚМА аумақтық Департаментінің баспасөз қызметінен.

А.Абдуллаев бастаған ҰҚТ-ның 5 мүшесі 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде жүйелі түрде бақылауындағы 15 компания мен 170-тен астам жеке кәсіпкердің банктік шоттары арқылы 11,7 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды.

Сот үкімімен ҰҚТ ұйымдастырушысы және қатысушылардың бірі кінәлі деп танылып, оларға жалпы режимдегі колонияда 6 және 7,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы үш мүшесі халықаралық іздестіруге жарияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны