02.04.2024, 17:12 44716

Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Сурет: Depositphotos
Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн. теңге көлемінде залал келтірілді.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

 


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны