04.11.2024, 13:28 37526

Алматыда полиция пәтер ұрыларын қылмыс орнында ұстады

Алматыда полиция пәтер ұрыларын қылмыс орнында ұстады
Алматы полицейлері пәтер ұрыларын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, олар негізінен шаһардың тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген. Жедел уәкілдер арнайы іс-шараны арнайы жасақ полицейлерінің көмегімен жүргізді.

Қаскөйлер қылмыс орнында ұсталды. Олар ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын 6-шағын аудандағы пәтерлердің біріне терезені арқылы кіріп, одан алтын бұйым мен қожайындардың жиған-тергенін ұрлап кеткен. Екі күдікті де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Олардың бірі - Ақмола облысының тұрғыны, екіншісі - солтүстік жақтан келген адам. Біздің жедел деректерге сәйкес, бұл "дуэттің" кем дегенде осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар. Олар негізінен қаланың Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында ұрлықпен айналысты. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.


ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны