19.03.2025, 18:50 2051

Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сотталды

https://web.telegram.org/k/#@antikornews
Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сотталды
Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Мәселен, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды.

Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны