17.02.2025, 14:04 73581

Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді

Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл жергілікті экожүйені сақтау үшін 2,5 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды министрліктің баспссөз қызметінен.

2024 жылы осы мақсатта 1,5 млрд текше метр су жіберілді. Мысалы, Қызылорда облысының көлдер жүйесін сақтауға 889 млн текше метр, Павлодар облысының Шідерті өзенінің сағаларына 87,5 млн текше метр, Теңіз-Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдерінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін Нұра өзеніне 29,7 млн текше метр су жіберілді.

Ақтөбе облысының Елек өзеніне 90 млн текше метр су жіберілді. Түркістан облысының су шаруашылығы нысандарынан 144 млн текше метр, ал Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалының нысандарынан 133 млн текше метр су жіберілді.

Біздің министрлік 219 көлді суға толтыруды, 204,2 мың гектардан астам шабындық алқап пен 5,23 мың гектар орманды жерді сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл су көздеріне жақын орналасқан аудандардағы экологиялық жағдайды және сумен жабдықтауды жақсартады. Барлық іс-шараларды жүзеге асыру құрғақшылық қаупін азайтуға, жем-шөп алқаптарының сапасын жақсартуға, ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйенің тұрақты дамуына тиімді ықпал етеді",- деді Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны