28.05.2024, 12:54 26206

Астананың балабақшаларына азық-түлік жоғары бағамен жеткізіліп келген

Астананың балабақшаларына азық-түлік жоғары бағамен жеткізіліп келген
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына жеткізілетін ӘМАТ бағасын көтеру фактілерін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.

Сауда үстемесін көтеруге жол берген бірқатар компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасының басшылығымен бірлесіп, 98 мектепке дейінгі ұйымдармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде бала-бақшалар бойынша шарттың жалпы сомасын азайту жөнінде ӘМАТ жеткізушілерімен өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасалады.

Қазіргі уақытта қаланың 21 мектепке дейінгі мекемесіне ӘМАТ жеткізу шарттары бойынша бағаны төмендетуге қол жеткізілді.

Олар бойынша үнемдеу 31 млн теңгеден асты.

Бағаның төмендеуі келесі азық-түлік тізімі бойынша байқалуда: сәбіз 49% - ға (336-дан 170 теңгеге дейін), картоп 40% - ға (336-дан 200 теңгеге дейін), қырыққабат 54% - ға (370-тен 170 теңгеге дейін), пияз 45% - ға (220-дан 120 теңгеге дейін) төмендеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны